IBO – 2024: Биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада Астанада өтеді

0
13
ortcom.kz

7-14 шілде аралығында Астанада биологиядан IBO-2024 35-ші халықаралық олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты.

Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) – әлем елдерінің орта мектеп оқушылары арасындағы ең бәсі жоғары бәсеке және білім саласындағы ең ауқымды шаралардың бірі. Қазақстандық мектеп оқушылары ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның мұндай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан.

Биылғы олимпиадаға 80 елден 350 оқушы қатысады деп күтілуде. Додада 40-тан астам жүлде таласқа салынады. Еліміздің құрама командасы сапында төрт оқушы бар.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 580 медальға ие болды, оның ішінде 23 медальді ең беделді жеті әлемдік олимпиадада жеңіп алған: IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз