Бас санитар: мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғуы мүмкін

0
123
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова. 6 сәуір, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мамырдың соңына дейін елде 5300 адамға вирус жұғады деп болжайды. Бір апта бұрын бас санитар 4 мың адамға вирус жұғуы мүмкін деп айтқан еді.

“Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін шамамен – 3400 адамға, мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп ойлаймыз. Болжамды сәл өзгерттік” деді Айжан Есмағамбетова сәрсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, бұл өсім шекаралық аймақтан келген адамдар арасында коронавирус жұқтырғандардың артуымен (екі аптада 200-ден астам науқастың анықталуы) байланысты.

Дегенмен Есмағамбетованың айтуынша, соңғы аптада жалпы елде коронавирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайған.

“Соңғы аптада елде коронавирус жұқтырғандар 2,5 пайызға азайды. Алайда жекелеген аймақтар ауырып жатыр, яғни оларда ауырғандар саны – 0 мен 40 пайыз аралығында. Бұл дегеніңіз ауру көрсеткішінің бір деңгейде тұрмағанын көрсетеді” деді Есмағамбетова.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемия шарықтау шегіне жетті деп мәлімдеген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 3105 адамға вирус жұқты. 774 адам дерттен айыққан. 25 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз