4 мамырдан бастап шаштараз, стоматология ашылады

0
238

Қазақстанда 4 мамырдан бастап бірқатар сауда орыны, шаштараз, стоматология, медицина орталықтарын ашылады. Келесі дүйсенбіден бастап көшеде спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға болады. Бұл туралы 29 сәуірде Қазақстан үкіметінде құрылған төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия жиынында белгілі болды.

Комиссия шешіміне сай, 4 мамырдан бастап мына кәсіпкерлік субъектілері қызметіне қайта кіріседі:

  • Аумағы 500 шаршы метрге дейін жететін азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
  • Шаштараздар (алдын ала жазылу керек);
  • Медицина орталықтары (алдын ала жазылу керек);
  • Стоматология клиникалары (алдын ала жазылу керек);
  • Жылжымайтын мүлікпен операцияларын жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • Шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, ақша айырбастау орындары;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақтар ұша бастайды. Рейстер санитарлық талаптар күшейтіліп, аз жолаушылармен ұшады және бортта арақашықтық сақталуы тиіс.

Қазақстанда 29 сәуір 18.00-дегі мәліметке сай, елде 3105 адамға вирус жұққан. 798 адам жазылған. 25 адам қайтыс болды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созған. Бірақ карантин шаралары біраз жеңілдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз