Қазақстанда тағы 67 адамнан вирус анықталды

0
81
Photo: rbc.ru

Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 7, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 8, Ақтөбе облысында – 1, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та хабарлады.

Қазақстанда барлығы 3205 адамға вирус жұққан. 819 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3205 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 944
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 627
  • Қызылорда облысы – 198
  • Шымкент қаласы – 190
  • Қарағанды облысы – 149
  • Атырау облысы – 135
  • Батыс Қазақстан облысы – 146
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 128
  • Алматы облысы – 122
  • Жамбыл облысы – 116
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 82
  • Қостанай облысы – 49
  • Маңғыстау облысы – 46
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз