Әуежайға барғанда нені ескеру қажет?

0
194
Назарбаев халықаралық әуежайы. Photo: www.nn-airport.kz
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушылардың рейске өту ережесін жариялады.
  • Енді Т2 терминалына аэропорт маңы алаңынан кіру керек. Терминалға COVID-19 жұқтырмағанын растайтын анықтамасы (берілген күннен бастап 7 күн жарамды) бар жолаушылар ғана өте алады;
  • шығарып салуға келген адамдар терминалға кіре алмайды;
  • анықтама мен дене қызуы терминалға кірер кезде тексеріледі;
  • терминалда жолаушылар бетперде және қолғаппен жүруі тиіс;
  • қолға дезинфекция жасау үшін терминалда санитайзерлер орнатылған;
  • рейске тіркеуден өту және тексеру кезінде адамдардан 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау керек, арнайы белгілер қойылған;
  • рейске балаларын шығарып салушы ата-аналарда да коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама болуы шарт. Құжат болмаса, баланы кіреберісте әуе компаниясының өкілі қарсы алып, тіркеуге апарады;
  • мүмкіндігі шектеулі жандарды тіркеуге дейін шығарып салатын адамдарда да анықтама болуы керек. Құжат болмаса, терминалға кіреберістегі арнайы батырманың көмегімен санитарды шақыру қажет.

Сондай-ақ, астаналық әуежай жолаушылардан рейске алдын ала онлайн режимде тіркеліп келуді өтінді.

Еске салайық, 1 мамырдан бастап астана мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Ал 4 мамырдан Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге ұшақтар қатынайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз