Тәжікстан орыстанған фамилияларға заңмен тыйым салды

0
185

Тәжікстанның төменгі палатасы жаңа туған сәбилерді тіркеу кезінде фамилиясы мен әкесінің атына орыстанған жалғауларды қосуға тыйым салу туралы қаулы шығарды. 

Енді сәбилердің фамилиясына – “-ов”, “-ова”, “-ев”, “-ева” жалғауларын жалғауға, әкесінің атына “-ович”, “-овна”, “-евич” және “-евна” жалғауларын қосуға тыйым салынған. Олардың орнына тәжік тіліне тән суффикстер: “зод”, “зода”, “он”, “фар” жалғанбақ. Тек аз ұлт өкілдеріне орыстанған суффикстер жалғауға рұқсат етілуі мүмкін.

Тәжікстанның әділет министрі Музаффар Ашуриён құжатты талқылау кезінде бұл ұлт даралығын қалыптастыру үшін жасалып отыр деді. 2007 жылы президент Эмомали Рахмон(ов) фамилиясындағы -ов жалғауын алып тастаған. Ізінше көптеген шенеуніктер мен азаматтар фамилияларын өзгерте бастаған.

Озоди радиосының хабарлауынша, билік бұған дейін де “орыстанған” фамилияларға тыйым салған. Алайда еңбек мигранттарына Ресейде жұмыс іздеу қиын болғандықтан кейбір азаматтар орыс жалғауларын қайта қолдана бастаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз