Қазақстанда жарияланған ТЖ-ға байланысты Рамазан айындағы тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы 14 cәуір күнгі брифингте мәлімдеді.
“Тарауық намазын әркім отбасы мүшелерімен оқуға кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз иншаллаһ”, – деді бас мүфти.
ҚМДБ төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекіткен. Діндарлар сұрағына жауап беру үшін call-center ашқан.
Айта кетейік, ҚМДБ басшысының мәліметінше, шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу қорытындысына сәйкес мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы биыл Қазақстанда 24 сәуір күні басталады.