Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының төртінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Жетісу” командасын 1-0 есебімен жеңді.
Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында араға 1,5 жыл уақыт салып жанкүйерлер қатысуымен өтті. Жанкүйерлер стадионға “Ashyq” қосымшасы арқылы кірді.
Оқи отырыңыз – Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылады
Алғашқы таймның төртінші минутында Марин Томасов есеп ашты. Осы голдан кейін екі команда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады.
Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 11 турдан кейін 29 ұпай жинады. Ал, Жетісу командасында тек 1 ұпай. Келесі турда “Астана” командасы 19 мамыр күні сырт алаңда “Қайсар” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Жетісу” Таразға қонаққа барады.