Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылады

0
219
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Назарбаев және Алматы халықаралық әуежайына Ashyq қосымшасын енгізу туралы шешім қабылдады.

Ashyq қосымшасы Нұр-Сұлтанда 12 мамырдан, Алматыда 21 мамырдан бастап толыққанды іске қосылады. 

Әуежай терминалына Ashyq-та сары және қызыл мәртебесі бар жолаушылар кіре алмайды. Жолаушы рейске өте алмаса билет қаражатын қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға қоя алады. Алайда олардың билет құнын қайтырып беруі туралы нақты мәлімет жоқ.

Қазақстанның барлық аймағында 5 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы қолданыла бастады. Жобаға бір жылдан астам уақыттан бері жабық тұрған караоке-барлар мен банкет залдары қосылды, ал қоғамдық тамақтану орындары, боулинг пен бильярд клубтары тәрізді көпшілік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.

Ashyq қосымшасын смартфонға орнатқан тұтынушы көпшілік нысандарға бармай тұрып, өз мәртебесін мына сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы біле алады.

Қосымшадағы түстер нені білдіреді?

Қосымша бірыңғай ПТР тест базасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізетін науқастармен байланыста болған азаматтардың базасымен интеграцияланған.

  • Жасыл түспен коронавирус жұқтырмағаны ПТР тест нәтижесінде анықталған адамды белгілейді. Ол адам көпшілік қоғамдық орындарға бара алады.
  • Көк түс коронавирусты анықтайтын ПТР-тест тапсырмаған және науқастармен байланыста болмаған азаматтарға беріледі. Ондай азаматтар Ashyq орнатылған барлық нысанға кіре алады.
  • Сары түс вирус анықталған науқаспен байланыста болған азаматтарға беріледі. Ондай адамның қосымшадағы сары түсі 14 күн сақталады. Науқаспен байланыста болғандар үйдің жанындағы дәріхана немесе азық-түлік дүкеніне бара алады. Бірақ көпшілік қоғамдық нысандарға баруға тыйым салынған.
  • Қызыл түс ол адамға коронавирус жұққаны ПТР тест нәтижесінде анықталған соң беріледі. Науқастың қосымшадағы қызыл түсі 14 күн бойы сақталады. Ол адамға көпшілік қоғамдық орынға баруға болмайды.

Оқи отырыңыз: “Как проект Ashyq повлияет на время работы кафе и ресторанов в Нур-Султане”

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз