Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

0
202

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адам коронавирус жұқтырып, 101 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін тәуліктік коронавирус статистикасы соңғы 2 күнде азайғаны байқалған болатын. Алайда, өткен тәулікте тағы да әдеттегіше коронавирус жұқтырғандар және індеттен қайтыс болғандар саны өсіп кетті.

Ел астанасында науқастар (586) күрт артқан. Алматыда бір күнде 689 науқас тіркелді. Қарағанды облысында 250 науқас анықталған. Алматы облысында – 229, Батыс Қазақстан облысында – 145, Ақмола облысында – 137, Шымкент қаласында – 139, Павлодар облысында – 119, Шығыс Қазақстан облысында – 110 науқас тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері 337 652 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 858 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 829 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 53 400 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Қазір 42 526 адам коронавирустан емделіп жатыр. 42 436 адам коронавирустан, 471 адам пневмониядан емделуде. 188 адамның жағдайы өте ауыр. 115 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 156 млн адамға коронавирус жұққан, 3 млн адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз