“ФК Астана” өз алаңында жанкүйерлерімен бірге жеңіске жетті (Фотоесеп)

0
104

Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының төртінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Жетісу” командасын 1-0 есебімен жеңді.

Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында араға 1,5 жыл уақыт салып жанкүйерлер қатысуымен өтті. Жанкүйерлер стадионға “Ashyq” қосымшасы арқылы кірді.

Оқи отырыңыз – Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылады

Алғашқы таймның төртінші минутында Марин Томасов есеп ашты. Осы голдан кейін екі команда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады.

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 11 турдан кейін 29 ұпай жинады. Ал, Жетісу командасында тек 1 ұпай. Келесі турда “Астана” командасы 19 мамыр күні сырт алаңда “Қайсар” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Жетісу” Таразға қонаққа барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз