Министрлік: 8 506 мектеп түлегі “Алтын белгіге” үміткер

0
137
Photo: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша кей мәліметтерді жариялады.

Министрліктің хабарлауынша, елде 7 412 мектеп бар, онда 3 349 069 бала оқиды.

  • 9-сынып оқушыларының саны – 266 897;
  • 11-сынып түлектерінің саны – 144 706.

Ең көп түлек Түркістан облысында тіркелген. Онда шамамен 24 мыңнан астам мектеп бітіруші бар.

Биыл “Алтын белгіге” мектептің  8 506 үздік түлегі үміткер.

ҰБТ-ға 130 мыңнан астам адам қатысады, оның ішінде 111 017-ы биылғы оқу жылының мектеп түлегі, 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлегі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз