Елордада Еуразия астаналарының қаламгерлері бас қосты

0
90

4-5 шілде күндері Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музейде “Еуразия астаналары қаламгерлерінің” Халықаралық форумы өтті.

Форумға 20-дан астам мемлекеттің ақын-жазушылары арнайы шақырылған. Олардың арасында Халықаралық “Экиваленсиас” журналының Бас редакторы, Испания ПЕН-клубының Бас хатшысы, Малларме, Неаполитан академияларының корреспондент-мүшесі – Jorge Padron Justo Angel;

Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы – Гаврил Андросов;

ОАӘ Жазушылар  Одағының басшысы – Nasser Ali Khamis Obaid Аldhaheri;

АзербайжанЖазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ekber Qoşalı;

Үндістандық қаламгер, сыншы, лингвистика ғылымының профессоры  Rukmini Bhaya Nair және т.б. танымал тұлғалар бар.

Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумы.

Сондай-ақ форумға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері, қоғам қайраткері  Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және көптеген ақын жазушылар қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы – “Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу”. Әлем әдебиетіндегі  дәстүр мен жаңашылдық, авторлық құқық пен кітап бизнесі мәселелері аясында дөңгелек үстел, шығармашылық кездесу, көрме  ұйымдастырылды. Форум Халықаралық меморандумға қол қою және келісім жұмыстарымен түйінделді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз