28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Стокгольмде (Швеция) қазақ киносының фестивалі өтті. Бұл туралы “Қазақфильм” киностудиясы баспасөз қызметі хабарлады.
Фестивальді “Қазақфильм” киностудиясы Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі және “Швециядағы Қазақстан жастары” ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырған.
“Қазақфильм” киностудиясының хабарлауынша, аталған мәдени іс-шара Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмімен ашылған. Бұл тарихи кинотуындыны көрермендерге фильмде басты рөлді сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.