Қазақстан Украина, Германия, Беларусь және БАӘ елдерімен әуе қатынасын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов хабарлады.
“Таяуда бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Олар: Украина, Германия, Беларусь және БАӘ”, – деді Қиясов онлайн брифингте.
Бұған дейін ел үкіметі Түркиямен арадағы рейстер саны қысқаратынын хабарлаған.
Қазақстан 6 қазаннан бастап шетелдіктердің елге ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салды. ПТР тест анықтамасысының мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс. Анықтамасы жоқ немесе мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер елден депортацияланады.
Ал ПТР анықтамасы жоқ қазақстандықтар әуежайдан шыға сала стационарға орналастырылады. Онда азаматтардан коронавирусқа анализ алынады.