Нұр-Сұлтанда бір топ әйел баспана мәселесін көтерді (видео)

0
86

19 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 11.00 шамасында Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына жиналып, биліктен әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап етті.

Наразы әйелдер баспана кезегінің жылжымай жатқанын, атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отырғанын айтып, депутаттар мен “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің шығуын талап етті.

Оларды Ақорда жаққа өткізбеу үшін автобустар бөгет жасады.

Наразы әйелдерді жан жақтан арнайы жасақ өкілдері бақылап, олардың Ақорда жағына өтпеуін қадағалады.

Ақордаға өте алмаған әйелдер сәлден соң ұрандатқан күйі Ақорда маңындағы көше бойымен қозғала бастады. Түскі бір шамасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына барып, топтасып тұрды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Әкімдік өкілдері де әйелдерді сырттай бақылап тұрды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаев бұрынғы митингтерде қала әкімі, министрлер үй алу және кезек жөнінде аналарға ережені түсіндіріп берген. Әйелдердің арасында бұдан бұрын да бернеше рет митингке шыққандардың болғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаев.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз