Бизнес-ортаны дамытуға қатысты заңға өзгерістер енгізілді

0
52

16 қаңтар күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

 Қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді механизмін құруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл ең алдымен, жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салуға жағдай жасайды.

«Бұл жолда бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады. Сонымен бірге,  кәсіпкерлер үшін де өте тиімді саналады. Осының барлығы, шағын  және орта бизнестің экономикалық қуатын күшейтуге серпін беретіні сөзсіз», – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, 2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.
Депутаттардың ұсынысы бойынша, осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысатын болады. Сонымен қатар, бірыңғай операторға қалаларда ғана емес,  барлық облыс орталықтарында таңбалау қызметін ұсыну үшін өз филиалдары мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді жеңілдету; мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кірістерді салық салудан босату; салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеңілдік беру; толық декларация беру мерзімін ұзарту арқылы кедендік әкімшілендіруді жеңілдету, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету; электрондық сауда алаңдарын дамыту және электрондық сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды нақтылау бойынша түзетулер енгізді.

Жалпы заң жобасында, Қазақстан Республикасының 10 кодексі мен 28 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз