XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Қазақстан бірінші орынды иеленді

0
165
almaty.fizmat.kz
     2019 жылдың 10 қаңтар мен 14 қаңтар аралығында, Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндерінен XV халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. 5 күн бойы Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен 538 дарынды оқушы білімдерін сынады.   Қазақстанның атынан әр түрлі өңірлерінен келген 23 команда қатысты. Қазақстанның оқушылары 9 алтын, 23 күміс және 43 қола медаль жеңіп алды.
Команда
Үш пән бойынша команда мүшелері жинаған ұпайлар сомасы бойынша жалпы қорытынды
Орын
№ 31 лицей (Челябинск, РФ)
422
Гран-при
РФММ (Алматы, ҚР)
416
1
LEPL Vladimir Komarovi Physics and Mathematics School (Тбилиси, Грузия)
406
2
Mathematical Grammar School (Сербия)
403
2
Sofia High School of Mathematics (София, Болгария)
400
3
БГУ лицейі (Минск, Беларусь)
385
3
High School of Mathematics and Natural Sciences Acad. Nikola Obreshkov (Болгария)
370
3
Physical Mathematical School after Shahinyan (Армения)
353
Құрмет грамотасы
РФММ (Алматы, ҚР)
304
Құрмет грамотасы
TAJIK-RUSSIAN LYCEUM BOARDING SCHOOL “HOTAM & P.V.”, (Хиссор, Тәжікстан)
300
Құрмет грамотасы
First Private Mathematical Gymnasium (Болгария)
299
Құрмет грамотасы
«Информатика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» номинациясы  Алматы РФММ оқушысы Данияр Закаринге берілді.
«Физика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» номинациясы Павлодар НЗМ оқушысы Дияр Туленовке берілді.
 «Математика пәні бойынша қазақстандық оқушылардың ең үздік нәтижесі» номинациясы Атырау БИЛ оқушысы Айбек Мырзатаевқа берілді.
«Жеңіске ұмтылыс» номинациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қ. №1 мектебінің оқушысы Otgonbayar Misheel берілді.
«Жыл дебюті» номинациясы «Maria Kruse Skole» даниялық мектептің оқушысы Jingdan Hua және «South Carolina Governor’s School of Science and Math» мектебінің оқушысы Matthew Walker берілді.
«Жыл дебюті» санатына «Maria Kruse Skole», Фарум, Дания; South Carolina Governor’s School of Science and Math», АҚШ және «VEFA» лицейі, Стамбул, Түркия мектептері ұсынылды.
Мадина Даулетова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз