Вакцина салдырғандар саны 6,2 миллионнан асты

0
259

19 тамыз таңертеңгі ақпаратта 6 229 329 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 4 867 622 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 7337 адам вирус жұқтырып, 121 адам қайтыс болды. 6666 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 421 адам жұқтырып, 18 адам қайтыс болды. Пневмониядан 153 науқас емделіп шықты.

Қазіргі таңда 121 113 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 30 286 пациент стационарда, 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 1 896 адамның жағдайы ауыр, 540 адамның жағдайы өте ауыр және 265 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз