3 желтоқсаннан бастап Астанада аспанында түтін көлемі ұлғайды. Далада ұзақ аялдасаңыз үйге кіргенде ыстың иісін байқау қиын емес. Осыған орай экологтар өз пікірлерін білдірді.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының хабарлауынша, Астана аспанындағы қалың түтіннің себебі жер үйлердің үйді жылыту үшін көмір жағуы.
Сонымен қатар, ауа ластануының негізгі себебі 1, 2-ші ЖЭО және автономды қазандықтар. Ондағы зиянды заттардың жалпы мөлшері 95,5 пайыздан асатыны мәлім болды.
Қала әкімдігінің сайтындағы ақпаратта: “Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы және тұрғын алаптары мен жеке секторды табиғи газга ауыстыру бойынша жол картасы әзірленді”, – делінген.
Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, газдандыру станциясының да іске қосылған.