КХДР президентінің алғаш мемлекеттік сапары

0
167

Корей Халық Демократиялық Республикасының (Солтүстік Корея) президенті Ким Чен Ын мен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) төрағасы Си Цзиньпин Пекинде келіссөз жүргізді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұл – Солтүстік Корея басшысының шет елге жасаған алғашқы ресми сапары.

Кездесуде Ким Чен Ын Қытай төрағасын қайта сайлануымен құттықтап, «Қытай мен КХДР арасындағы қарым-қатынас достық дәстүрге сай келеді. Сол себептен Си Цзиньпинді қайта сайлануымен құттықтауды өз міндетім деп есептеймін», – деді.

Сондай-ақ, Ким Чен Ын қытай халқы Си Цзиньпинді басшылықтың негізі ретінде қолдайтынын, сол себептен ҚХР халқының оны Орталық әскери кеңес төрағасы ретінде қайта сайлағанын тілге тиек етті.

Сонымен қоса, КХДР басшысы Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) өзара диалог құрып, саммит өткізуге дайын екенін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз