Путин Анкараға барады

0
71
дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен 3-4 сәуірде Анкараға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапардың алғашқы күні Анкарада Ресей-Түркия Ынтымақтастық Кеңесінің жоғары деңгейдегі жетінші отырысы өтеді. Отырыста екіжақты сауда-экономикалық қатынастар және бірлескен стратегиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралады.

4 сәуірде Анкарада Сирия бойынша екінші үш жақты саммит өтеді, аталған саммитке Путин мен Ердоғаннан өзге Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани қатысады деп күтілуде. Үш мемлекет басшыларының Сирия бойынша алғашқы саммиті Сочиде өткен жылдың 22 қарашасында өткен еді.

Бұдан өзге Анкарада Владимир Путин мен Хасан Руханидің жеке кездесуі өтеді деп хабарланады. РФ президенті баспасөз қызметінің таратқан ақпарына сәйкес, кездесу барысында аймақтық күн тәртібі, ресей-иран қатынастары, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары және Бесінші Каспий саммитін дайындауға қатысты мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз