Оралу
Саясат Трамп: Сириядағы химиялық шабуылда Путин, Ресей мен Иран жауапты
АҚШ президенті Дональд Трамп президент Путин, Ресей және Иран Сириядағы химиялық қару қолданудағы шабуылға жауапты деп мәлімдеді.
Сириядағы химиялық шабуыл салдарынан көп адам атап айтқанда әйелдер мен балалар қаза тапты деген Трамп бұл сұмдық орын алған аймақ басқа елдер бақылай алмайтындай Сирия әскерімен қоршалған деп жазады өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Президент Путин (РФ президенті-ред) , Ресей және Иран «Асад хайуанды» қолдағандары үшін жауап береді дейді АҚШ басшысы.
Өз кезегінде РФ СІМ Сириядағы химиялық шабуыл туралы хабар «ойластырылған» деп мәлімдеді. Ресейдің Сириядағы тараптарды мәмілеге келтіруші Орталығының басшысы генерал-майор Юрий Евтешунко Шығыс Ғұтада Башар Асад режимінің химиялық қару қолдануы шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Сафина Саид