Трамп Ресеймен қатынастың неге нашарлағанын түсіндірді

0
41
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен нашар қарым-қатынас себебін арнайы тергеуші Роберт Мюллердің тергеу ісі деп біледі. Сәрсенбіде Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Ресеймен дұшпандықтың басым бөлігі»   «Обамаға жұмыс істейтін демократияға тараптас адамдар басқаратын» Мюллердің тергеу ісімен тікелей байланысты деп жазады. Атап айтқанда, АҚШ президенті Трамп пен Кремльдің байланысын тергеп жатқан Роберт Мюллерді ерекше атады.

“Ресейге АҚШ қажет”

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, бұл жазбаға дейін екі сағат бұрын Трамп қазіргі сәтте АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы «қырғиқабақ соғыс кезеңінде, бұрынғыдан да нашар» деп жазды. «Бұған себеп жоқ», дейді Трамп. АҚШ басшысының пікірінше, Ресей өз экономикасын жақсарту үшін АҚШ-ты қажет етеді, ал Вашингтон өз кезегінде «барлық ұлттың ынтымақтастығына » қызығушылық танытып отыр. «Қару-жарақ жарысын тоқтатамыз ба?» – деп ұсыныс тастады АҚШ басшысы.  

Мюллер тергеуі

Америкадағы арнайы қызмет Кремль Д. Трамптың жеңіске жетуіне сеп болу үшін 2016 жылы өткен АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деп күдіктенеді. 2017 жылдың мамыр айында АҚШ-тың әділет министрі болып сайланған арнайы тергеуші және Федералды Тергеу Бюросының бұрынғы басшысы Роберт Мюллер және Конгресстің бірнеше мүшесі ресей билігінің 2016 жылғы АҚШ-та өткен президент сайлауына мүмкін араласуына қатысты тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз