Пентагонның Сириядағы алғашқы операциясы аяқталды

0
105
дереккөзден

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сирияға жасалған алғашқы шабуылдың тәмамдалғанын хабарлады. Аталған мәлімдеміні Reuters жазады.

Мэттистың айтуынша, шабуыл бір рет қана жасалған, қосымша шабуыл жасау әзірге жоспарда жоқ, бірақ жоққа да шығарылмайды. Бүгінгі шабуылдың басты нысандары – Сириядағы химиялық қару өндіріліп, өңделетін кәсіпорындар.

«Өткен жылы Башар Асад (Сирия Араб Республикасының президенті – ред) дабылды қабылдамады. Бүгін біз одақтастарымызбен әлдеқайда қатаң шабуыл жасадық. Біз Асад және оның басыбайлы жаналғыштарына тағы да химиялық шабуыл жасамау туралы дабыл жібердік»,

– дейді Пентагон басшысы.


АҚШ басшысы Дональд Трамп 14 сәуір сенбіге қараған түні Сирияға шабуыл жасау туралы бұйрық берген еді. Трамптың айтуынша, шабуыл «құбыжықтардың» Шығыс Ғұтада химиялық қару қолдануына берілетін жауап болмақ. Трамп әскери опреация Ұлыбритания және Франциямен бірлесе жүргізілетінін, шабуылдың мақсаты – жаппай қырып-жою қаруына қарсы жаңа шабуыл жағдайларына жол бермеу екендігін айқындады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз