Астана корейаралық саммиттен үлкен нәтиже күтеді

0
135

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Оңтүстік Корея СІМ басшысы Кан Ген Хва мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан-Корей сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуын, бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесін және корейаралық диалог пен Корей түбегінің айналасындағы ахуалды талқыға салды. Кездесуде Астана корейаралық диалогтың қайта қалпына келуі мен өзара саммит өткізу туралы уағдаластыққа қолдау білдіреді.

Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан кореяаралық диалогтың қайта қалпына келуін және Корея Республикасы мен КХДР арасында саммит өткізу туралы уағдаластыққа қолдау білдіреді. Астана алдағы уақытта өтетін кореяаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді және бұл кездесу екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселелесіне серпін береріне әрі корей түбегіндегі шиеліністің шешімін табатынына үміт артады», деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Корея сыртқы істер министрі Кан Ген Хва ядролық қару барысында Солтүстік Кореяны Қазақстан таңдаған жолмен жүруге сендіру керек екенін тілге тиек етті.

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі «Қазақстан – ядролық қарудан бас тартып, бейбіт жолды таңдаған ел. Сол уақыттан бері мемлекеттің жеткен жетістіктерін көріп отырмыз. Солтүстік Кореяны да Қазақстан таңдаған жолмен жүруге сендіру керек», деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз