«Сергек» бейнебақылауы: Елордада қылмыс деңгейі төмендеді

0
89
дереккөзден

«Сергек» бейнебақылау камераларының орнатылуы елордадағы қылмыстық әрекетті 30 %-ке, жол-көлік оқиғаларын 18 %-ке төмендетті. Бұл туралы 16 сәуірде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев және «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Күлебаевтың елордадағы ахуал орталығына барғанында белгілі болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ә. Исекешевтің сөзінше, «Сергек» бейнебақылау камераларының жұмысы негізінде 500 қылмыстық әрекетті анықтау (соның ішінде 4 кісі өлімі) мүмкін болды. Бұдан өзге қала әкімі қазіргі таңда қоғамдық орындарда адамның түр-әлпетін тани алатын жүйені енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Бұл жаңашылдық (ноу-хау) полицейлердің жұмысына көп көмегін тигізетіндігі яғни төтенше жағдай болғанда я болмаса жаппай төбелес орын алғанда тәртіп сақшылары гаджет арқылы оқиға орнын бақылай алатындығы айтылады.

Өз кезегінде, Тимур Күлебаев жүйенің жұмысына оң баға беріп, жекеменшік бизнес аумағында бейнебақылау камераларын орнатуда бірігіп әрекет жасауға уәде берді.


Астанада қазіргі таңда 6365 бейнебақылау камералары іске қосылған. Маусым айына дейін жол қозғалысын бақылайтын 13 мың камераны іске қосу жоспарланып отыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз