2017 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы қаласында «Алматы туры – 2017» веложарысы басталды.
2013 жылы бастау алған «Алматы Туры» веложарысын ұйымдастыру жоғары деңгейге жетті. «Алматы туры» алғаш бастау алған жылдары веложарыс «критериум» форматында өтіп келген болатын. Алдыңғы ойындарда қатысушылар айналма маршрутты бірнеше рет айналып өткен еді. Ал биылғы жарыста өзгешеліктер жетерлік. Велошабандоздар сөреден мәреге дейін қашықтықты өткеру арқылы жүріп өтетін болады деп жоспарлануда. Биылғы жылы «Алматы туры» алғаш рет екі кезеңге бөлініп өтеді.
Веложарыстың негізгі бөлігі Алматы қаласының асфальт төселген жолдарында өтетін болса, жарыстың мәреге жететін бөлігі Алматының таулы аймағында, яғни «Медей» мұз айдыны аумағында өтеді.
2017 жылғы «Алматы турының» бірінші кезеңі 30 қыркүйекте «Астана» алаңының маңында, Қазақ-Британ техникалық университеті аумағынан бастау алып, қаланың бірнеше маңызды көшелерінде жүріп өтіп, «Алматы Арена» территориясына келіп тоқтайды.
Екінші кезең 1 қазанда «Халық Арена» ғимаратының маңынан бастау алып, «Шығыс айналма жолы – әл-Фараби» шеңберімен жүріп өтеді. Екінші кезеңнің финалдық бөлігі Тұңғыш Президент Саябағынан «Медеу» мұз айдынына дейін жалғасып, осында мәре нүктесі қойылады.
2012 жылғы ХХХ жазғы олемпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров «Алматы туры-2017» баспасөз мәслихатында берген сұхбатында ««Медеу» мұз айдыны аумағы белестерге толы қиын жол. Біреулер басында жеңіл деп ойлап қалуы мүмкін. Әйтсе де 160 шақырым жүріп өткеннен кейін қотыр жолды тастар арасымен мәреге дейін жүріп өтуге тура келеді. Тікұшақтан жасалатын трансляциядан тауларымызды көрсетеді. Міне велоспорттың басқа спорт түрлерінен айырмашылығы да осында. Жарыс өтіп жатқан елдің пейзажын айқын тамашалауға болады», деп айтқан болатын.
«Алматы туры – 2017» әлемнің 17 елінен 20 команда қатысуда. Атап айтқанда қатысушыларының ішінде Италия мен Франциядан проқұрлықтық командалар, әлемнің әр елінен келген 14 құрлықтық команда, сонымен қатар Өзбекстаннан, Словакиядан және Қазақстаннан 3 ұлттық команда қатысуда. Сонымен қатар «Astana Pro Team» кәсіпқой командасы жарысқа Қазақстан намысын қорғайтын болады.