2018 жылы 24 сәуірде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барып, Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен екі жақты келіссөздер өткізді. Кездесуде Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері ынтымақтастықтың басым бағыттарын ілгерілетуге келісті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасайтын алдағы сапардың дайындығына және оның Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуына, сондай-ақ әртүрлі деңгейлердегі екі жақты байланыстарға, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да бағыттарды қамтитын Ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комитеті бойынша байланыстарға ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, екі ел азаматтарының өзара сапарларымен және олардың құқықтарын қорғаумен, трансшекаралық су көздерін ұтымды пайдаланумен байланысты мәселелерді қарастырды. Таяу уақытта консулдық қызметтер арқылы сімаралық консультацияларды өткізуге уағдаласты.
Тараптар Өндірістік қуатты дамыту бағдарламасын одан әрі қарқынды іске асыруға мүдделерін білдірді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 27 миллиарддолларды құрайтын 51 жоба бойынша жұмыс атқарылуда, соның ішінде 158 миллион долларға 5 жоба іске қосылды. Қазақстанауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына жеткізілімінің номенклатурасын кеңейту өте маңызды болып табылады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл технологиялары» мен инвестициялық жобаларының халықаралық орталығы және IT-стартаптар технопаркі қызметінің іске қосылу аясында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының келешігіне ерекше назар аударылды.