Армян парламенті Пашинянның кандидатурасын қабылдамады

0
94
ашық дереккөз

Никол Пашинян премьер-министрлікке сайланбады: Армения парламенті Пашинянның кандидатурасына қарсы дауыс берді.

Euronews-тің мәліметіне сәйкес, Ұлттық жиналысқа қатысқан 102 депутаттың 45-і Никол Пашинянды Үкімет басшысы ретінде қолдаса, Республикалық партияның 55 депутаты қарсылық білдірді.

Никол Пашинян – Армениядағы үкімет басшысы Серж Саргсянның отставкаға кетуіне әкеліп соққан жаппай наразылық шеруін ұйымдастырушы. Қазіргі уақытта ол премьер-министрлікке өз кандидатурасын ұсынған жалғыз оппозиция өкілі.

Заң бойынша, парламент бір аптаның ішінде үкімет басшысын сайлауға тырысу керек. Егер ол да сәтсіздікке ұшйраса Ұлттық жиналыс кезектен тыс сайлау өткізеді.

Премьер-министрлікке сайланбай қалғаннан кейін Николя Пашинян жақтастарын қайта наразылық шеруін өткізуге және қаланың бүкіл жолдарын жауып тастауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз