Астанада Сирия бойынша келіссөздер жалғасуда

0
95
kazaknews.kz

Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 9 раунды екінші жұмыс күні бүгін Астана алаңында өтеді. Сирия бойынша Астана процесінің 9 раунды бүгін түйінделеді деп күтілуде.

Дүйсенбіде Астанада делегация аралық консультациялар өтті, бүгін барлық тараптардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді деп жоспарлануда. Аталған жалпы отырысқа кепілгер елдер атап айтқанда, Ресей, Иран, Түркия сондай-ақ Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция қатысады. БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура бастаған делегация және Иордания делегациясы – бақылаушы.

АҚШ бас тартты

АҚШ Астана келіссөздерінде бақылаушы тарап болудан бас тартты, бұған дейін АҚШ Астана процесінің барлық раундында бақылаушы болған еді. АҚШ-тың аталған келіссөздерге бақылаушы болудан бас тартуының ресми себебі мәлімделмеді.

Қорытынды

РИА Новостиге берген сұхбаты барысында РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев жалпы отырыс барысында қол қоюға арнайы қорытынды құжаттың дайындалып жатқандығын айтқан.

Лаврентьев сондай-ақ Астана келіссөздерінің 9 раунды жер бетіндегі мәселелерді талқылау үшін ғана емес, саяси тұрақтылыққа көз жүгірту, болашақта бағыт айқындау үшін де қажеттігін алға тартты. Жалпы отырыс бүгін Астана уақытымен сағат 14.00-15.00-де өтеді деп күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз