Солтүстік Корея корейаралық саммиттің қайта жандануын қолдайды. Бұл тұрғыда КХДР Оңтүстік Кореяға жоғары дәрежеде келіссөздер өткізуге ұсыныс жасады.
Өз кезегінде Оңтүстік Корея туыстас елдің ұсынысын қабылдап 16 мамырда Пханмунджомдағы Бейбітшілік үйінде келіссөз өткізуге уағдаласты. Қазіргі уақытта жағары дәрежедегі саммит мәселелеріне қатысты келіссөздер жүргізілуде.
dw.com-ның хабарлауынша, корейаралық саммитте тараптар бөлінген туыстарды қайта кездестіру, Қызыл Крест желісі бойынша диалогты жаңғырту, қос Корея спортшыларының бір ту асытнда өнер көрсетуі туралы мәселелер талқыланатын болады.
Қазіргі уақытта Пхеньян Бейбітшілік үйіне 29 адамнан тұратын өз делегациясын жіберді. Олардың ішінде спорт және экономика саласына жауап беретін ресми тұлғалар және БАҚ өкілдері бар.
Еске саламыз, бұған дейін жоғары деңгейдегі корейаралық саммит сәуір айының 27-сінде өткен болатын. Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Корей алғаш рет қарусыздандырылған кездесу өткізді.