Қырғызстанда Парламент депутаттары әріптестері Ысқақ Масалиевтің экс-президенттерді дербес құқықтылық мәртебесінен айыруға қатысты заң әзірлеу туралы бастамасын қолдады.
Егер Жогорку Кенеш (қырғыз парламенті) аталған құжатты қабылдайтын болса, Алмазбек Атамбаев өзіне берілген бұрынғы президенті мәртебесінен айрылуы ықтимал.
24.kg сайтының хабарлауы бойынша, Ысқақ Масалиев тек Алмазбек Атамбаевты ғана емес, сонымен бірге кейінгі барлық президенттерге қатысты қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастауды ұсынады.
Аталған ұсынысты халық депутаттары да мақұлдады.