Бүгін Елордада триатлон бойынша әлем кубогы басталды. Әлемнің 38 елінен келген үздік спортшылар бас жүлде үшін бақ сынасатын болады.
Нақтырақ айтқанда, әлемнің 38 елінен 130 спортшы, 65 – ер спортшылар және 65 – спортшы әйел қатысатын болады. 130 спортшының басым бөлігі ТОП-50 әлемдік рейтингісіне енген. Спорттың бұл түрі ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.
Еске саламыз, Байқау кезінде Бауыржан Момышұлы, Сарайшық көшесі, М-1 және М-2 көпірлері бойынша қозғалыс шектеледі.