Астанада АӨСШК-нің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

0
95

Бүгін Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруында «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес» (АӨСШК) форумының 25 жылдығына орай көрме ашылды.

Ұлттық кітапханада өтіп жатқан көрмеде АӨСШК-ның даму кезеңдерін көрсететін мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер жиналды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов: «Бұл бастаманы табысты жүзеге асырғанымызды үлкен қуанышпен айта аламыз. Себебі бұл біздің дипломатиямыз үшін ғана емес, бүкіл халық үшін де үлкен жетістік. АӨСШК-нің ықпалы күн сайын артып келеді, өскелең жас ұрпақтың назарын АӨСШК-нің қалыптасуы мен даму тарихына және оның перспективаларына аударту қажет», – деді.

АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Гун Цзяньвэй өз кезегінде мындай мәлімдеме жасады: «Бұл ұйым азиялық құрылымның 90%-ын қамтып қана қоймай ұйымнан тыс маңызды халықаралық платформа ретінде пайда болды.»

1992 жылы Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен қабылданған АӨСШК ұйымы Азия континентіндегі ұжымдық қауіпсіздік проблемаларын талқылау жөніндегі ең үлкен алаң болып табылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз