КХДР жоғары мемлекеттік тұлғаларының бірі Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның партия желісі бойынша орынбасары Ким Ен Чхоль Нью-Йоркке бет алды. Солтүстік Кореяның ресми өкілі Нью-Йоркте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Помпеомен кездесіп, АҚШ-КХДР саммитінің дайындықтары жөнінде пікір алмаспақ.
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт «АҚШ алдағы саммиттің бағытын белсенді түрде жалғастыруда. Соныдай-ақ, Солтүстік Кореяның Жұмысшы партиясы Орталық комитеті төрағасының орынбасары Ким Ён Чхоль Нью-Йоркке АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысымен кездесу үшін келеді», деп мәлімдеді.
Еске саламыз, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео наурыз айының соңында ЦРУ-дың директоры ретінде Пхеньянға барған болатын.