Президент Жарлығымен ұлттық домбыра күні белгіленді

0
213
Akorda

Мемлекет басшысының қаулысымен ұлттық домбыра күні жарияланды. Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында аталған қаулы қабылданған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаулыға сәйкес, шілденің бірінші жексенбісі ұлттық домбыра күні болып айқындалды. Сондай-ақ аталған жарлықты орындау ҚР Президентінің Әкімшілігіне міндеттелді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз