Бозымбаевқа сөгіс жарияланды

0
65
ашық дереккөзден алынды

ҚР Премьер – министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді.

«Мен келесі шешімді қабылдаймын. Үкімет мүшелеріне қатысты тәртіптік шараларды Президент қабылдайтындықтан, мен бүгін мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгіземін», – деп мәлімдейді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Бұдан өзге энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінен босатылды.

ашық дереккөзден алынды

«Вице-министрлер менің құзырымда болғандықтан, энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын», – деп мәлімдеді Сағынтаев.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз