БҰҰ: қақтығыс салдарынан 8000-нан астам бала зардап шекті

0
168

2016 жылғы қақтығыстар нәтижесінде 8 мыңнан астам бала өлтірілді немесе зардап шекті деп хабарлайды Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) бас хатшысының баспасөз қызметі.  ca-news.org

БҰҰ-ның бас хатшысы «2016 жылы қақтығыс салдарынан 8 мыңнан астам бала зардап шекті немесе өлтірілді деген мәліметке  БҰҰ басшысы Пан Ги Мун қатты өкініш білдіре отырып, балаларға, мектептер мен ауруханаларға, сондай-ақ балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасағандарды қатаң айыптады» деп мәлімдеді.

«Баяндаманың басты мақсаты бала құқығын бұзу туралы хабарды арттырып қана қоймай, сонымен қоса кикілжің кезінде ұсталған балалардың жағдайын жеңілдету шараларын  ілгерілету болып табылады», деп мәлімдейді баспасөз хатшысы.

Қарулы қақтығыстар кезіндегі балаларға арналған арнайы өкіл  Вирджиния Гамба «Ауғанстан, Конго Демократиялық Республикасы, Ирак, Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия және Йеменнен шыққан балалар қақтығыстар кезінде жасалған сұмдық қылмыстардың құрбаны болып табылады. Даулы аймақтарда тұратын балаларға қатысты үкіметтік әскер тарапынан 4 мың және үкіметтік емес қарулы топтар тарапынан 11 мыңнан астам қылмыс жасалған, сонымен қоса қақтығыс кезінде 20 мемлекетте бала құқығы бұзылған», – деп мәлімдеді.

2016 жылы Йеменде  барлығы 1340 бала қаза тапқан болса, Сирияда 1299 бала қақтығыс құрбандарына айналды.

Аталған барлық зұлымдықтар БҰҰ-ның қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың  хал-ахуалы туралы баяндамасында толығымен сипатталған.

БҰҰ-ның бас хатшысы барлық тараптарға қақтығыстар кезінде балалардың құқығын қорғауда өз міндеттемелерін толықтай орындауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз