Ердоған баспасөз мәслихатында мүлгіп кетті

0
111

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Петр Порошенкомен өткен баспасөз мәслихатында мүлгіп кетті. Бұл туралы ақпарат агенттіктері жарыса жазды.

Мәслихат барысында Порошенко сөйлеген кезде Ердоған бірнеше рет есінеп, қалғып кетеді. Әріптесінің ыңғайсыз жағдайын байқаған Украина президенті ескерту ниетімен бірнеше рет үстелді еміс-еміс тоқылдатты. Ердоған “тосын” дыбысты елемей, қалғып-мүлгуін жалғастыра берді.

Дүйсенбі күні Түркия президенті Ердоған Киевке ресми сапармен келген болатын. Тараптар 2017-2019 жылдарға арналған екі жақты қатынасты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз