Домбыра – қазақтың жаны – Н. Назарбаев

0
107
Akorda

Нұрсұлтан Назарбаев домбыра аспабы және қазақтың ән-жырлары туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысының ой қозғамы Ақорданың фейсбуктегі парақшасындағы бейнежазбада жарияланды.

«Домбыра – қазақтың жаны. Айтпақшы, күйдің алғашқы әуендерін, домбыра сазын далада жусанның иісін құшырланып иіскеп өскен қазақ қана түсінеді. Себебі бұл өзгеше музыка, ол адамның жан-күйінен  хабар береді: мұң, қуаныш, кейде терең ой. Кешке келесің, шекті шертіп жібергенде, барлығы ұмтылады», – деген мемлекет басшысы өзіне домбыраны жақсы тартатын жандардың ұнайтынын атап өтті.

Сондай-ақ сөз барысында Н. Назарбаев қазақтың ұлттық әндері философиялық терең мәнге ие екендігін алға тартты.

Geplaatst door AkordaPress op Donderdag 28 juni 2018

«Қазақтың әндерінде сөзді жете тыңдау қажет, әуенді емес. Сөз үлкен мәнге ие», – дейді Н. Назарбаев.


Атап өтерлігі, осы жылдың 1 шілдесінде алғаш рет Қазақстанда ұлттық домбыра күні мерекеленеді. Президент бұйрығына сәйкес, домбыра күні болып шілденің бірінші жексенбісі белгіленді. Осы жылы мереке 1-ші шілдеге тұспа-тұс келеді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз