РФ президенті Владимир Путин және FIFA басшысы Джанни Инфантино Қызыл алаңдағы саябақта 1:1 есептік көрсеткіште футбол ойнады.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Путин және Инфантино «Россия-2018» ұйымдастыру комитетінің бас директоры А. Сорокин және президенттің көмекшісі И. Левитинмен бірге «Тотем» жасөспірімдер клубының жаттықтыру залына барып, саябақ арқылы жаттықтыру залына өткен. Сол сәтте Ресей басшысы мен FIFA басшысы қақпаға бір-бір голдан салған.
Бұдан кейін Путин мен Инфантино «Тотем ойыншылары арасындағы футбол матчын ашқан, аталған құрама екіге бөлінді: бір құраманы 1990 жылғы әлем чемпионы, неміс қорғаушысы және жартылай қорғаушы Лотар Маттеус жақтырған, екінші құраманы әлемнің екі дүркін чемпионы, бразилиялық шабуылдаушы Роналдо жаттықтырған. Құраманың бірі үшін испандық қорғаушы Карлес Пуйоль ойнаса, екінші құрамада испандық қорғаушы Икер Касильяс ойнаған.
Инфанито Путинге пас берген сәтте, Путин допты қақпаға қарай соққан, дегенмен, қақпашы допты ұстап алды. Бұдан кейін президент Кремльге аттанды.
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады, матч Ресейдің 11 қаласындағы 12 алаңда өтуде.
Сафина Саид