Сирияда ресейлік авиация соңғы күндерде халықаралық террористік ұйыдарға қарсы 182 ретсоққы жасады. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенковке сілтеме жасаған РИА Новости мәлімдеді.
Конашенковтың айтуынша, 10 қазанда Ресей әуе күштері Ирактың батыс аймақтарын Дейр-эз-Зор (Сирия) провинсиясына дейін басып кірген ДАЕШ лаңкестерін жоюды жалғастыра отырып, халықаралық террористерге 182 рет шабуыл жасады.
Бүгінге шейін Сирияның 90-ға жуық аумағы ең ірі лаңкестік ұйымдар Ирак пен Левант содырларынан тазартылып, қаланың 90%-ға жуығы әскерилердің бақылауына өткен болатын.
Жадыра Аманбайқызы