АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдің алдағы уақытта АҚШ-та өтетін президент сайлауына ықпал етуге бар күшін салуда деген мәлімдемесінен кейін рубль бірден құлдырады. Трамптың бір твиітнен кейін ресей рублі долларға шаққанда арзандады.
Мәскеу уақытымен сағат 19:50 – де бір долларға 63,5 рубль (346,5 теңге) берілген, сағат 19:10-да бір доллар 62,6 рубльге (341,54 теңге) сатылған еді. Бұл туралы Мәскеу биржасы хабарлайды. Еуро курсы 40 минут ішінде 73,2 рубльден (399,37 теңге) 74,1 рубльге (404,28 теңге) дейін өсті.
24 шілдеде Ақ үй басшысы Twitter парақшасында “Ресей АҚШ-та өтетін алдағы президент сайлауына ықпал ету үшін бар күш-жігерін салатындығына” қатты алаңдаулы екендігін жеткізген еді. Трамп өзін Ресей саясатына соншалықты қатаңдық танытқанын алға тартып, АҚШ-та өтетін президент сайлауына Ресей бар күшін салып, демократтарды тартатынын атап өтті. “Олар айқын түрде Трампты қаламайды!”, – деп жазады АҚШ басшысы.