АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен кезекті екіжақты кездесуді АҚШ-та өткен президент сайлауына “Ресейдің ықтимал араласуына” қатысты тергеу ісі аяқталғаннан кейін 2019 жылы өткізуге ниетті. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік бойынша АҚШ басшысының кеңесшісі Джон Болтон хабарлады деп жазады РИА Новости.
“Біз кездесуді жылдың алғашқы күндерінен кейін деп келістік”, – деген Болтонның сөзін Ақ үйдің баспасөз қызметі келтіреді, бірақ келісімнің АҚШ басшысымен я болмаса, Ресей тарабымен жасалғандығы айқындалмаған.
Трамп пен Путиннің алғашқы кең масштабтағы келіссөзі осы жылдың 16 шілдесінде Хельсинкиде өтті. Қос президент жеке отырып екі сағат келіссөз жүргізді, кейіннен кең құрамда делегацияның қатысуымен келіссөз өткізіп, журналистер қойған сауалдарға жауап қайтарды. Келіссөз қорытындысы бойынша, қос тарап та мәмілеге келуге ниетті екендерін жеткізді.
Ресейдің АҚШ-та өткен президент сайлауына ықтимал араласуы, сондай-ақ Трамптың Мәскеумен байланысына (Ақ үй де, Кремль де мұны жоққа шығарды) қатысты істің ақ-қарасы тергеуші Робер Мюллердің сондай-ақ, АҚШ Конгресі қос палатасының бақылауында.
Ресей АҚШ-та өткен президент сайлауына ықтимал араласуға қатысты айыпты жоққа шығарды. РФ президентінің баспасөз хатшысы Д. Песков аталған айыптауларға ойға кіріп шықпайды деген баға берді. Өз кезегінде, РФ СІМ басшысы С. Лавров бұл айыптауларға негізделген нақтылы фактілер жоқ деп мәлімдеді.