Путин Трампты Мәскеуге шақырды

0
42
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трампты Мәскеуге шақырғанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости мәлім етті.

“Президент Трамптың кездесуге қатысты айтқанын мен өте жақсы түсінемін. Трамптың әрі қарай кездесу өткізуге ниеті бар, мен де бұған дайынмын”, – деген Путин Трампты Мәскеуге шақыруға дайын екендерін алға тартты. Ресей басшысының сөзінше, бұған дейін де Трамп Мәскеуге шақырту алған.

“Мен Вашингтонға баруға да дайынмын. Бірақ, қайталаймын, егер ол жақта жұмыс істеуге лайықты жағдай жасалса”, – дейді Путин.

РФ басшысы бұл мәлімдемені Оңтүстік Африка Республикасында өткен БРИКС саммитінің қорытындысын талқылаған конференция барысында айтты.

Бұған дейін Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен кезекті екіжақты кездесуді АҚШ-та өткен президент сайлауына “Ресейдің ықтимал араласуына” қатысты тергеу ісі аяқталғаннан кейін 2019 жылы өткізуге ниетті екендігін хабарлаған еді. Ал 16 шілде Хельсинкиде Трамп пен Путин келіссөздер жүргізді.


БРИКС – бес мемлекеттен құрылған (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) топ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз