Қазақстан мен Түрікменстан әріптестік туралы шартты ратификациялады

0
137

Ақтау қаласындағы Каспий саммиті алаңында Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу рәсімі өтті. Тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Түркіменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасыны ң орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа 2017 жылдың 18 сәуірінде Астанада президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған болатын.

Бұл құжат екі ел арасындағы тең құқылық, өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды қазақстандық-түркімен ынтымақтастығының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады. Аталған Шарт өзінің ережелеріне сәйкес үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз