Ресей президенті Владимир Путин жақын арада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездеспек ниетте. Бұл туралы Ресей басшысы Telegram желісінде КХДР президенті Ким Чен Ынға бағытталған жеделхатта мәлімдеген.
Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша Ресей Федерациясының президенті КХДР басшысына жөнелткен жеделхатта “Жақын күндерде екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін және маңызды аймақтық мәселелерді талқылау мақсатында сізбен келіссөз өткізуге дайын екенімді білдіргім келеді”, делінген.
Владимир Путин сондай-ақ, Солтүстік Кореямен өзара тиімді ынтымақтастықты үздіксіз дамыта алатынына сенім білдірді.
Еске саламыз, 12 маусым Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы арасында тарихи кездесу өтті. Келіссөздер нәтижесінде Трамп пен Ким Чен Ын Пхеньян аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Корей түбегінде ядролық қаруды жою туралы міндеттемені растайтын құжатқа қол қойған болатын.