Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 22 тамыз күні Қазақстан спортшысы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші орыннан көрінді. Алтын мен күміс Қытай және Жапония спортшыларына бұйырды.
Баландин 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында осы қашықтықта үздік шықса, 2016 жылы Риода өткен олимпиадада 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атнады.
Қазақстан XVIII Азия ойындарында 1 алтын, 5 күміс, 12 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр.