Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясының қатысушыларымен кездесулер өткізіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нығматулин Финляндия Парламент Төрағасы Мария Лохеламен ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңызды бағыттары турасында сөз қозғады.
Кездесу барысында тараптар барлық саладағы қазақстандық-фин үнқатысуының тұрақты түрде нығайып келе жатқанын, сонымен қоса заңнамалық деңгейдің маңыздылығын атап өтті.
Н.Нығматулин мен М.Лохела 2017-2018 жылдардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігі шеңберінде еліміздің қызметіне ерекше назар аударды.
Ресей мен Оңтүстік Кореяда өткен еуразиялық елдердің парламенттері спикерлерінің кездесуі туралы айтқан Н.Нығматулин бұл форумды парламентшілерге аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу үшін қосымша үнқатысу алаңы деп атады.
Сонымен қоса, Парламентаралық одақ Төрағасы Сабер Чоудхуримен әңгіме барысы Қазақстан Парламентінің Парламентаралық Одақпен ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту турасында әңгімелесті.
Жадыра Аманбайқызы